
Құрметті сайтымыздың кірушілері!
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің «Қазақстан – 2030: барлық қазақстандықтардың әл – ауқатының жақсаруы, қауіпсіздігі және гүлденуі»: Қазақстан халқына үндеуінде былай делінген: «Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының алдында тұрған ең бірінші кезектегі міндеті жеке меншік дербестігі және келешекте инфрақұрылымдық әлемдегі дамыған елдермен бәсекеге түсе алатын телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесінің тиімділігі».
Бүгінгі таңда біз инфрақұрылымдық жүйе бойынша мемлекеттік органдардың жұмысы туралы тәулік бойы мәлімет ала аламыз.
Біздің сайтта, Сіздер, қала аумағында тұратын азаматтардың міндеттері және құқылары азаматтық қорғаныс іс – шараларына қатысу бойынша «Баршаңыздың назарына!» дабылы бойынша іс қимыл тәртібінің орындалуы және оқу жаттығуларының өтуі, және де Азаматтық қорғаныс мүлкіне және объектісіне ұқыпты қарым – қатынасты; зардап шеккендерге бірінші медициналық көмек көрсету және негізгі қорғаныс тәсілдері, жеке және коллективті қорғаныс құралдарды пайдалану туралы ережелер туралы ақпаратты таба аласыздар.
Біз Сіздердің ықыластарыңызға және мүмкін болатын табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың салдардан қала тұрғындарын және қала қонақтарын қорғау бойынша іс - шараларға белсенді қатысады деген үміттеміз.
Басшы
Ағымдағы жылдың 28 тамызында «051 Қызметі» ММ өзінің он жылдығы мерейтойын атап өтті.
Астана. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен төртінші шақырылымдағы парламент мәжілісін таратты.
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен, Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмимен, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановпен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және кезектен тыс сайлау өткізу туралы Мәжілістің 53 депутатының үндеуі Президенттің атына келіп түсуіне байланысты концультация өткізді.
Астана. Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығында Қазақстанның ақша бірлігі - теңге өзінің «кәмелеттік жасқа толуын» атап өтуде. Елдің Ұлттық валютасы 15 қараша күні 18 жасқа толды.